«Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Үкілім» ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарының авторы Кульмагамбетова Гүлжазира Серікқалиқызымен «Қолөнер-ұлт қазынасы» атты кездесу өтті.

17.03.2021

«Мемлекеттік және шетел тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Үкілім» ұлттық танымдық журналының және «Үкілім» ұлттық нақыштағы әшекей бұйымдарының авторы Кульмагамбетова Гүлжазира Серікқалиқызымен «Қолөнер-ұлт қазынасы» атты кездесу өтті. 8-наурыз әдеміліктің, ал  22-наурыз жаңарудың мейрамы кезінде ұлттық нақыштағы бұйымдарды насихаттап жүрген тұлғалардың бірі. Бүгінде қазақтың дәстүрлі өнеріне ден қойып, қолөнер туындыларын қайта жаңғыртуды өзіне міндет етіп, осынау бірегей өнердің қыр-сырын өзі ғана жетік меңгеріп қоймай, келер ұрпаққа да үйретіп, аманат етіп қалдыруды парыз санап жүр екен. Бүгінгі кездесуде қолөнер жайлы ақпараттармен таныстырды. Кездесу жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Кездесуді ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Сейтжанова Арайлым Серікқызы.

Возникли вопросы?

Заполните форму обратной связи, наши менеджеры свяжутся с вами!