22.04.2021 күні «DIGITAL IQ: цифрлық әлемдегі жетістік жолы» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы аясында СР-13, Ф-11, У-11 топ студенттері арасында оқытудың белсенді әдістері LearningApps.org, Кahoot.com бағдарламаларын қолдана отырып «Цифрлық әлем. Ө

23.04.2021

22.04.2021 күні «DIGITAL IQ: цифрлық әлемдегі жетістік жолы» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығы аясында СР-13, Ф-11, У-11 топ студенттері арасында оқытудың белсенді әдістері LearningApps.org, Кahoot.com бағдарламаларын қолдана отырып «Цифрлық әлем. Өнегелі өмір. Желідегі киберқауіптер» атты мастер-класс өтті. Ойынға әр топтан 5 студент алынып, барлығы 15 студент қатысты.   «Bigdata» командасы атынан Баяхметова Аружан, Махамбетова Альбина, Нұрмұханбет Әділбек, Усенова Аяжан, Минасип Дамир,  «Blockchain» командасы атынан Бектибаева Балкен, Мурзабаев Баязет, Орымбаева Аклайлек, Багдат Жаннур, Тулегенова Лаура,  «Smart city» командасы атынан Омар Ғазиза, Жекебатырова Жанерке, Айдын Айым, Жәукен Толганай, Багдан Аруна қатысты. Ойын барысы 5 кезеңнен болды: таныстыру, LearningApps.org бағдарлама арқылы цифрлық  Қазақстан тақырыбында әріптерден алынған сөздер, «Криптовалюта.  Цифрлық экономика», Кahoot.com бағдарламасын пайдалана отырып тест сұрақтарға жауап беру, желідегі киберқауіптер. Әділқазы мүшелері: Жараспаева З.Ю, Байдүйсен Е. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша 1 орын - «Bigdata» командасы СР-13 тобы, 2 орын -«Blockchain» командасы Ф-11 тобы, 3 орын -«Smart city» командасы У-11 тобы иеленді. Ойын соңында жеңімпаздар марапатталды.  Ұйымдастырушы информатика пәнінің оқытушысы Амиргалиева А.С.

Возникли вопросы?

Заполните форму обратной связи, наши менеджеры свяжутся с вами!