2021 жылдың 06 сәуірінде Ж.Қ.Букенов атындағы Қарағанды Банк колледжінде колледж студенттері арасында «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының оқытушысы Каримова Наргиз Канатовнаның ұйымдастырылуымен «Цифрлық экономика» Қаржы сауаттылығы апталығы аясын

14.04.2021

2021 жылдың 06 сәуірінде Ж.Қ.Букенов атындағы Қарағанды Банк колледжінде колледж студенттері арасында «Қаржы және бухгалтерлік есеп» кафедрасының оқытушысы Каримова Наргиз Канатовнаның ұйымдастырылуымен «Цифрлық экономика» Қаржы сауаттылығы апталығы аясында «Қазақстандағы тұтынушылық несиелер: пайдасы немесе зияны» тақырыбына пікір-сайыс (дебат) өткізілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: Тақырып бойынша танымдық іс-әрекетті белсендіру; экономикалық білім мәдениетін тәрбиелеу. Ж.Қ.Букенов атындағы Қарағанды банк  колледжінің студенттері арасында    пікірсайыс (дебат)  қозғалысты  дамыту  және  насихаттау,  колледждегі  пікірсайыс (дебат) қозғалысты дамыту және қолдау.
Пікір-сайысқа колледждің 1-2 курс студенттері қатысты. І-фракция – «Ақиқат»: Бубархан Ұлдана, Орынбай Ақбаян (Ф-23 тобы)
ІІ-фракция – «Сұңқар»: Богдан Аруна, Мурзабаев Баязет (У-11,Ф-11 тобы).
Турнир Американдық Парламенттік формат (American Parliamentary Debate) бойынша өткізілді.
«Экономика және құқық» кафедрасының оқытушысы – Умбетов Дулат Муратович төрешінің шешімімен «Ақиқат» фракциясы бұл пікір-сайыста жеңімпаз атанды.  Жеңімпаздар диплом және  сыйлықтармен, қатысушылар сертификаттар және сыйлықтармен марапатталды.

Возникли вопросы?

Заполните форму обратной связи, наши менеджеры свяжутся с вами!