11.02.2022 жылы Б-11, Б-13, Ср-11, У-11 топтарының қатысуымен “Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!" атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.

15.02.2022

11.02.2022 жылы Б-11, Б-13, Ср-11, У-11 топтарының қатысуымен “Ауғанстан ардагерлеріне тағзым!" атты ашық тәрбие сағаты болып өтті.
Бұл ашық тәрбие сағатының мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашу, “Ауған соғысы" жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлерінен мәлімет алу.
Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, студенттерді ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу болып табылады. Бұл тәрбие сағатына полковник Жантасов Амангелді Жанибекович пен капитан Ахметов Талғат Серікбайұлы қонақ болып шақырылды. Олар өздерінің өмірі жайлы айтып, ауған соғысына қатысқандығын, көрген қиындықтарын қалай жеңгендіктерін айтып, студенттерге жігер берді. Студенттер де өз тараптарынан қызықтырған сұрақтарын қойды. Бұндай тәрбие сағаттары әр жастың өз еліне деген патриоттық сезімдерін оятып, Отанға деген құрметін арттырары сөзсіз.

Возникли вопросы?

Заполните форму обратной связи, наши менеджеры свяжутся с вами!