Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні Ж.Қ.Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінде Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, "Ахмет Байтұрсынов- ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

15.02.2022

Ағымдағы жылдың 15 ақпан күні Ж.Қ.Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінде Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай, "Ахмет Байтұрсынов- ұлттың ұлы ұстазы" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Шараның мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру, ақын өмірін студенттерге үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу және студенттердің танымдық деңгейін дамыту болып табылады. Аталған ашық тәрбие сағатында М - 11 тобының студенттері ақынның шығармашылығы туралы ой бөлісіп, жыр шумақтарын жатқа оқыды. Студенттермен кері байланыс жасалып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы сұрақтар қойылып, жауаптар алынды. Ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай ашық тәрбие сағаттары басқа да топтарда болып өтті.#АхметБайтурсынов150

Возникли вопросы?

Заполните форму обратной связи, наши менеджеры свяжутся с вами!