27.11.2018 жылы Ж.Қ. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінде Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығына арналған ашық тәрбие сағаты өтті.

28.11.2018

27.11.2018 жылы  Ж.Қ. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжінде Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығына арналған ашық тәрбие сағаты өтті. Студенттер ақынның өлеңдерін жатқа оқып шараның сәнін келтірді. Аталмыш тәрбие сағатына № 16 орта мектептің оқушылары қонақ болды. Жұбан Молдағалиевтың өлеңдерін олар да жатқа оқып, тәрбие сағатының көркін аша түсті. Шара соңында студенттер Жұбан ақынның  сөзіне, Ерболат Құдайбергеновтың әніне жазылған «Мен қазақпын» әнін орындап, өз елдерінің патриоттары екенін одан әрі дәлелдей түсті.
Осындай елін сүйген ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған тәрбие сағаты студенттер мен оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелейтініне кәміл сенеміз.

Возникли вопросы?

Заполните форму обратной связи, наши менеджеры свяжутся с вами!